ХАБАРЛАНДЫРУ » «А.Навои атындағы №11 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласының
Білім басқармасының
"А.Навои атындағы
№11 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252)-53-70-21
Есепші бөлімі:
+7(7252)-53-70-21
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
январь
2023

ХАБАРЛАНДЫРУ

Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты А.Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебі ҚР «Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес қамқоршылық кеңес қайта құрылатынын хабарлайды.

      Қамқоршылық кеңес мүшелеріне үміткерлер 27 қаңтар мен 08 ақпан аралығында А.Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебіне өтініш тапсыруы тиіс.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:  

1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кіреді.  


Қамқоршылық кеңестің құрамына:

  • білім беру ұйымының басшысымен туыстық және жекжаттық қатынасы бар тұлғалар;
  • сол білім беру ұйымы қызметкерлері;
  • психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде көзделген шектеулері бар тұлғалар кіре алмайды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив