Қазақ тілі және әдебиет пәні ӘБ онкүндігінің жабылуы
А.Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын жаңа контенттер" онкүндік тақырып аясындағы пән мұғалімдерінің өткізілген ашық сабақтарына
Анықтама
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен 18.01.2023 жылы "Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын жаңа контенттер" тақырыбында онкүндігінің ашылуы өтілді. Пән мұғалімдері "жасырын сұрақтар" әдісі арқылы мектепішілік оқушылар мен мұғалімдер арасында, ойын ұйымдастырып, Абай ауылына саяхат жасады. Саяхат жасау барысында "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін..." тақырыбында сайыс өткізіп, жеңімпаздарға сыйлық ретінде ұлттық тағамдар таратылды. Онкүндіктің ашылуын ұлттық құндылықтарды дәріптеумен байланыстыра отырып, Аталған іс-шараның ашылуы Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» атты әнімен басталды. Ұлттық құндылығымызды дәріптеп қазақтың ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылды. Салт-дәстүрлерімізге арналған «Ой қозғау» әдісі бойынша сұрақтар дайындалып, оқушыларымыз берілген сұрақтарға жауап беріп, ұлттық тағамнан дәм татты. Іс-шара барысында қазақтың ұлттық әндері мен күйлері орындалып, салт-дәстүрлеріміз жайлы сөз қозғалды. Оқушылар қазақ халқының рухани дүниесінде ән мен күй өнерінің алатын орнының ерекшелігін, күй-қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы екендінін ұғына білді. Сонымен қатар қазақ халқының ұлы ақыны ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпараттармен танысып, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқушылар жатқа айтты. Г.Жаримбетова мен Р.Тойчиева Абай Құнанбайұлының "Желсіз түнде жарық ай" әнімен ашып берді. Мол дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары қойылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ж.Накипбекованың басшылығымен онкүндіктің ашылуы талапқа сай өтілді.
Пән апталығында 18.01.2023ж.күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігіне орай пән мұғалімі Л.Ж.Камбарова "Компьютердің адам ағзасына тигізер әсері және ғаламтордың зияны" тақырыбында 7"А" сынып оқушыларына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. Сабақ барысында оқушылар проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіріп, топпен талқылай отырып өз ойларын дәлелді жауаптармен жеткізе білді. Компьютердің адам ағзасына тигізетін кері әсерлері мен ғаламтордың зияны жайлы толық мағлұмат ала отырып денсаулыққа пайдалы спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтау керектігін ұғынды.
19.01.2023ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігіне орай пән мұғалімі М.Мамырова "Бақытсыз Жамал шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі (романы желісі бойынша) тақырыбында 8"А" сынып оқушыларына ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы: Бақытсыз Жамал. Сабақтың мақсаты: Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей отырып, шығармадан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану. Сабақ барысында оқушылар ойларын тиянақты білдіріп, өз көзқарастарын айқын-ашық көрсетті. Тура және жанама мінездеулерді жіктеу арқылы, жамандық пен жақсылықтың ара жіктерін аша білуді ұғынды.
19.01.2023ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігіне орай пән мұғалімі Г.Е.Демегенова "Дәруменнің пайдасы" тақырыбында 2"В" сынып оқушыларына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау, мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, әңгіме, ертегі) ажырату. Сабақ барысында оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, суреттерді сұрақтар арқылы сөйлете мазмұндады, мәтіннің жанрын ашты. Сурет бойынша әңгімелесуді үйрену арқылы, жемістер мен көгөністерді ажыратты. Дәруменнің адам ағзасына пайдалы екенін түсінді.
19.01.2023ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігіне орай пән мұғалімі Д.Ж.Нұрмышева "Өнер-білім бар жұрттар" тақырыбында 5 "А" сынып оқушыларына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. Сабақ барысында оқушылар тыңдалған мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселе бойынша өз ойын ашық әрі нақты білдірді. Сабақ соңында оқушылар білімнің ең асыл қазына екенін, ақпарат пен технологияның заманында үздіксіз білім алып, үнемі ізденісте жүру керек екендігін ұғынды.
Пән апталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігіне орай пән мұғалімі С.Н.Исмаилова "Нәтиже сабақ.Мен не үйрендім?" тақырыбында 10 "Б" сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін білу,мәтін құруда орынды қолдану.Сабақ барысында оқушылар құрамында туынды үстеулер бар жеті сөйлемнен тұратын мәтін құрап жаза білді.Әр топ берілген жағдаят бойынша шағын көрініс дайындау барысында туынды үстеудің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметін түсінді. Оқушылар бөлім бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген.
20.01.2023ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігіне орай пән мұғалімі С.У.Тасқараева "Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?" тақырыбында 9 "В" сынып оқушыларына ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды дұрыс жазу. Жазба жұмыстарында сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру. Сабақ барысында оқушылар сұхбат құрғанда тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі, құрама, жалқы атауларды дұрыс жаза білді. Топтық жұмыстағы "Тәуелсіздік толғауы" атты кештің сценарийін дайындау барысында оқушылар сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс жазды. Білім алушылар өткен тақырыптардың мазмұнын толық меңгерген.
20.01.2023ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігіне орай қазақ тілі пән мұғалімі Қ.М.Бейсенбаева "Менің досым-шебер" тақырыбында 3"Г"сынып оқушыларына сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: сөйлеу барысында мәтін тақырыбына қатысты сөздерді қолдану.Өз бетінше шағын мәтіннен көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақта "Пазл" әдісі, "Қар кесегі" әдісі, "Тарсия" әдісі қолданылды.
Оқушылар "Пазл" әдісі арқылы екі топқа бөлінді. Ал, "Қар кесегі" әдісі арқылы оқушылар көптік,жіктік,тәуелдік,септік жалғаулары бойынша сұрақтарға жауап берді.
Сабақта оқушылар түрлі материалдардан тұрмысқа күнделікті өмірде қажетті әртүрлі заттар, бұйымдар жасай алатынын меңгерді. Шеберханада қауіпсіздік ережесін сақтау керек екенін ұғынды. Сабақ барысында оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтін ішінен жалғауларды тауып, топпен бірге белсене қатысты. «Тарсия» әдісі арқылы оқушылар сабақта жаңа сөздерді жақсы меңгергендігін көрсете білді.
Пән апталығында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі А.Л.Абуова
23.01.2023 / 6 «А» сынып оқушыларына "Қазақстандағы теңіздер" Есімдіктің түрленуі тақырыбында
Сабақтың мақсаты: мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.Сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.
«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.Үйге берілген тапсырманы «Ой сергек» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді.«Біліміңді шыңда» әдісімен есімдіктерді септік жалғауларымен түрлендіріп, («Графикалық органайзер» әдісі) кестені толтырды.Оқылым мәтіні негізінде кестені «Жинақтау» әдісі бойынша толтырды. «ТАҢДАУ» әдісі арқылы сөйлемнен есімдіктерді тауып, қызметін анықтап, есімдіктің зат есім, сын есім орнында қолданылуын көрсетті.Желкенде жазылған есімдіктерді құрамына қарай «Тарсия» әдісі арқылыталдап, сабақты Зымыран сұрақтар («Иә, жоқ» әдісі) бойынша қорытындылады. (Үлгі:бәрінен -жалпылау есімдігі, түбірі бәрі, -нен шығыс сеп.) «Интервью» әдісімен (ауызша) сабаққа кері байланыс берілді және бағалау парағы арқылы 10 балдық жүйемен бағаланды.
Нәтижесі: Сабақ барысында оқушылар мәтінді мұқият оқып, негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтады, есімдіктің түрленуі туралы мәлімет алды,
есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолданып, қай сөз табының орнында тұрғанын анықтады, есімдіктің түрленуін (септелуін,тәуелденуін) меңгерді.Каспий ,Арал теңіздері туралы түрлі ақпараттар алды.
Сондай-ақ оқушылар сабаққа белсене қатысып, өз қызығушылықтарын танытты.
24.01.2023ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Жорабекова Насима "Шашты" әңгімесіндегі ұлттық құндылықтар тақырыбында 10"А"сынып оқушыларына ашық сабақ (төңкерілген оқыту әдісін қолданып) өтті.
Сабақтың мақсаты: ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру, шығармашылық жұмыстарда қолдану.
Сабақ барысында оқушылар ұлттық құндылықтың маңызын түсіне отырып, шығарманы адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап тұжырым жасады.
Төңкерілген оқыту әдісі бойынша (Блум таксономиясының 6 деңгейі де қамтылды ) оқушылар үйде шығарманы біліп,түсініп, қолданып, сыныпта талдап,жинақтап* бағалады.
Сабақта интербелсенді тақтамен жұмыс жасалды. Tarsia, plikers, wordwall платформаларымен тапсырмалар орындалды.
Оқушылар сабаққа белсене қатысып, ұлттық құндылықтардың маңыздылығын түсінді.
Пән апталығында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі А.А.Патаева
24.01.2023 / 4 «Е» сынып оқушыларына «Қайталау сабағы» тақырыбында ашық
Сабақтың мақсаты: бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну. Мұғалімнің қолдауымен сөздерге салыстырмалы шырай түрлерін жалғайды.
«Жүректерден - жүректерге» әдісі арқылы барлық оқушылар бір-біріне шеңбер бойы жақсы тілектер айтады. Мысалы: Саған денсаулық тілеймін! Саған жақсы көңіл күй тілеймін!Жаңа сабақты қорытындылау барысында оқушылар "Моншақ" әдісі арқылы тапсырманы өз деңгейінде орындап шықты. "Тик-ток" әдісі арқылы кері байланыс жасалып оқушылар тапсырманы өз деңгейінде орындап шықты.
Сабақ барысында тақырыбқа қатысты сөздерді, шағын мәтіннен сын есім шырайларын ауызша, жазбаша тілде қолданады. Өтілген тақырыптарды еске түсіре отырып оқушылармен бірге «Табиғат құбылыстары» бөлімін өз деңгейінде меңгеріп шықты, Білімді қайталау әдісі де оқушылар меңгерген білімді бекіту жолының бір түріне жатады. Қайталау тиімділігі мынада: өтілген материалдың ұмытылуын сақтандырады; ұмытылған білімді қайтадан еске түсіреді; оқушылардың білімі мен дағдысын саналы түрде бекітіп, оларды кеңейте және тереңдете түседі. Қайталау жұмысында оқушылар меңгерген бұрынғы білімді үстей түсетіндей немесе қорытатындай жаңа ұғым элементтері ендіріледі. Қайталау сабағында білік пен дағды оқушылар өз бетімен жұмыс істеуі арқылы толық меңгеруіне мән беріледі.
24.01.2023ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің онкүндігіне орай пән мұғалімі Ж.Д.Накипбекова «Күй қазақтың жан серігі, сырласы» тақырыбында 7 «Г» сынып оқушыларына ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтап, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну. Сабақ барысында оқушылар тыңдалған мәтіннің өзектілігін анықтай отырып, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма арқылы ұсына білді. Оқушылар топтық жұмыс жасау арқылы сабақтың мақсатын игерді. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, қосымша материалдардан алған мәліметтерді кестеге түсірді. Сабақта «Ой қозғау», «Ойтүрткі», «Өрмекші», «БББ» әдістері ұтымды қолданылды. Тапсырмалар орындауда оқушыларға дискрипторлар беріліп, қалыптастырушы бағалау арқылы соның ішінде «Бас бармақ», «Топтық бағалау», «Қолпаштау» әдістері арқылы бағаланып отырды.
Қазақ халқының рухани дүниесінде күй өнерінің алатын орнының ерекшелігін, күй-қазақ халқының рухани болмысының, мәдениетінің, дүниетанымының тұғыры биік асыл мұрасы екендінін ұғына білді. Сонымен қатар қазақ халқының біртуар ақыны Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпараттармен танысты.
25.01.2023ж. күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігіне орай К.А.Батырбекова "Құлагер - еркіндікке ұмтылған қазақ елінің символы" тақырыбында 9 "А" сынып оқушыларына ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты: әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі шынайылықты салыстыра талдау, шығарманы ғаламдық тұрғы да талқылап, әдеби эссе жазу. Сабақтың барысында "Миға шабуыл" әдісі бойынша Құлагер поэмасының тебірентер тарихына теңеу үңілді. Тақырыпты аша түсу мақсатында мұғалім оқушыларға шығармадағы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетін салыстырмалы бағыттарына түсінік беріп өтті. Тарихи шығармаға сусындаған оқушылар жаңа сабақты одан әрі толықтыра түсті. " Фигуралы бешбармақ" әдісі бойынша " астау" ыдысымен тартылған жылқы бейнесіндегі сұрақтарға поэмадан үзінділерді мәнерлеп оқу арқылы қорытындылады. Әрбір мәнерлі жауап, жылқы бейнесінің басына тағылған тәж арқылы бағаланды. Ал, кері байланыс оқушылардың қол өнер шеберлігін көрсеткен суреттері арқылы жасалды. Сәтті өтілген ашық сабаққа алғыс білдірілді.
Пән апталығында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі И.А.Расилова
27.01.2023 / 4 «Е» сынып оқушыларына «Халықтық болжам» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты: қазақ халқының ауа райын болжауы, өз тұрмыс тіршілігінде қолданудағы болжамдар туралы түсінік беру. Мұғалімнің қолдауымен сөздерді салыстыру мағынасында сөйлемдер құрастырып, ауызша/жазбаша тілде қолдану. «Сұрақ - жауап» әдісі арқылы ойланып, берілген сұрақтарға жауап береді. Сөйлемде сөздердің орын тәртібін сақтайды. Жаңа сабақты қорытындылау барысында оқушылар "Тарсия" әдісі арқылы тапсырманы өз деңгейінде орындап шықты. "Тик-ток" әдісі арқылы кері байланыс жасалып оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, қызығушылық таныта білді. Сабақ барысында тақырыбқа қатысты сөздерді, шағын мәтіннен сын есім шырайларын ауызша, жазбаша тілде қолданады. Біздің ата-бабамыз яғни қазақ халқы –жылдың төрт мезгіліне байланысты ауа-райын болжап айтатын болған. Халықтық болжамдар арқылы ауа райының қалай өзгеретіні туралы, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына (жаңбыр, қар, тұман, бұршақ, қырау) қатысты мәліметтер айтылды. Жыл мезгілдеріне байланысты ауа-райының күрт өзгеруін, ерекшелігін байқауға талпындыру болды. Сабақта оқушылар тапсырманы орындау арқылы өздері сол ауа райының болжамдарын меңгеріп, күнделікті өмірде қазақ халқының болжамдарын біле жүретін болды.
Қорытынды:
Жалпы пән мұғалімдері ашық сабақтарын тақырыпқа сай өтіп шықты. Кейбір мұғалімдер өз сабақтарын ерекше әдіспен түрлендіріп өткізді.Атап айтсақ:Н.Жорабекова «Төңкерілген сабақ» әдісі бойынша өзінің іздемпаздығымен жаңа үрдісті қоржынымызға қосты. Бұл деген әдебиет сабағының білім сапасын көтеруге үлгі болатын нағыз сабақ. С.Тасқараеваның сабағы Блум таксономиясы тәсілімен өтілгені тиімді болды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында бұл әдістің алары орны ерекше, өзге ұлт балаларын ауызекі сөйлетуге ынталандырады, және де пікірталасқа да бейімдейді.
Бастауыш сынып мұғалімдері (Г.Демегенова,И.Расилова,Қ.Бейсенбаева, А.Патаева,) түрлі әдіс-тәсілдермен, тапқырлықпен, іздемпездықпен баланы сабаққа ынталандыру,қызықтыру тәсілдерін көрсетіп шықты. Орта буыннан бағалау критериімен, қалыптастырушы бағалауды орынды қолданғандар Д.Нұрмышева мен Ж.Накипбекова болды. Әрбір сабақта жаңа үрдістер қолданылды. Әдіс-тәсілдердің тиімді тұстарын талқыланып, жұмыс жоспарына енгізілді.
Ұсыныс:1. Онкүндікте ерекше сабақ үрдістерін көрсеткен мұғалімдер ( С.Тасқараева,Н.Жорабекова, Д.Нұрмышева, Ж.Накипбекова)бірлестікте өздерінің тәжірбиелерін бөліссін.
2. Бастауыш сынып мұғалімдері арасынан (Г.Демегенова,И.Расилова,Қ.Бейсенбаева, А.Патаева,) сабақтарының әдіс-тәсілдерінен семинар өткізсін.
3.Деңгейлік курсты оқып келген төмендегі мұғалімдер; Л.Қамбарова ,П.Абуова бірлестік арасында коучинг сабақ өткізсін.
Әдістеме бірлестік жетекшісі: М.Мамирова