31
январь
2023
МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты А.Навои атындағы №11 жалпы орта білім беретін мектебінде қаңтар айының 31 жұлдызында " Мектеп парламенті" өзін-өзі басқару ұйымының президенті Мирхакимов Данияр және фракция көшбасшылары І жарты жылдық бойынша дөңгелек үстел өткізді. Фракция көшбасшылары өз жұмыстары
бойынша есеп берді. Және алдағы уақыттағы атқаратын жоспарларын талқылады,өз ойларын ортаға салды. Мектеп парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа
қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.