10
апрель
2025
ББЖМ-2025
Мектепте 4,9 сынып оқушыларының ББЖМ -ге дайындық
Мектепте 4,9 сынып оқушыларының ББЖМ -ге дайындық деңгейі туралы пән мұғалімдерімен жиналыс2025 жылдың 6 қаңтар күні 4,9 сынып оқушыларының ББЖМ -ге дайындық деңгейі туралы жиналыс өткізілді. Жиналысқа пән мұғалімдері қатысып, ББЖМ туралы толық мәліметпен және 4,9 сынып оқушыларының желтоқсан айында онлайн түрінде тапсырған ЕДУКОМ тест нәтижесімен таныстырылды. ДОЖЖО М.Ботанова ББЖМ туралы мәлімет беріп өтті. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) — білім беру ұйымдарынан тәуелсіз мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (МЖБС) сәйкес білім алушылардың білім сапасын жүйелі бақылау. ББЖМ кейіннен әдістемелік көмек көрсете отырып және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды. Бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ МЖБС талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі. Бастауыш, негізгі және орта білім беру ұйымдарында ( 4, 9 сыныптар) ББЖМ өткізу - мектептерде 4 және 9-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, яғни білім мен дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға, сонымен қатар аналитикалық, логикалық ойлауды дамытуға бағытталатын болады. ББЖМ кезінде білім сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірленеді және әдістемелік көмек көрсетіледі. Жыл сайын өткізіледі: мектептерде– көктемде (сәуір ) арнайы пәндерді меңгеру нәтижелерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады. ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ( АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі. ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі. ББЖМ тапсыру бойынша толық ақпарат берілді.