«АҚЫНДАР АЙТЫСЫ – 2023» САЙЫСЫ
9 «А», «Б» сыныптарында айтыс тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оны мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімдері ұйымдастырып өткізді. Сабақ барысында оқушыларға айтыстың тарихы туралы көп мағлұматтар берілді. Айтыс — халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына,