20
февраль
2023
Ауғанның асуында от кешкендер

Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына арналған Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу – кеші өтті.Мақсаты: Укувчиларга Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алу мақсатында«Мен-өз Отанымның батыл қорғаушысымын» атты оқжатардан патронды шашып жинаудан, автомат бөлшектеп жинастырудан әскери патриоттық-спорттық сайыстары өткізілді. Ауған соғысына арналған іс-шара мерекелік ән кешімен жалғасын тапты. Оқушылар ән шырқап, би билеп өнерін көрсетті. Кеш соңында Ауған соғысы ардагерлеріне сөз берілді. Мектеп директоры әскери патриоттық-спорттық сайыстарда ең үздік болған оқушыларды марапаттады.