25
август
2023
БАСТАУЫШ СЫНЫП ӘБ әдістемелік отырыс
25 тамыз күні БАСТАУЫШ бірлестігінде әдістемелік отырыс болды.Тақырыбы: Бастауыш білім берудегі ұйымдастырудың ерекшеліктері.Мақсаты: Жаңа оқу жылындағы ерекшеліктермен таныстыру, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту.
2023-2024 оқу
жылындағы Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында әдістемелік нұсхау хат бойынша талдау жүргізілді. Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты күнтізбелік жоспар осы бұйрыққа сәйкес жасалынады.Бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Нарметова У жаңа келген мұғалімдермен таныстыра отырып, білім беру процесіндегі ерекшеліктерді айтып өтті.Нарметова У ҚМЖ құрлымымен таныстырды. Қысқа мерзімді жоспардағы оның ішіндегі ЕБҚ (ерекше білімді қажет ететін) оқушы бойынша тапсырма міндетті түрде болуы керек екені ескертілді.
Каландарова Н дәптер сыртын қалай толтыру, БЖБ, ТЖБ баллдары бойынша айтып өтті.
Отырыс соңында директордың оқу ісі әдістемесі жөніндегі орынбасары С. Қанағатова өз ұсынысын айтты.