10
март
2023
АШЫҚ САБАҚ


Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Навои атындағы № 11 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып бірлестігінің онкүндігінде Абдиева Роза Намазбекқызы 4 «А» сынып оқушыларына қазақ тілінен «Етістіктің жіктелуі» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: жіктік жалғауларының қолданысын білу,тыңдаған мәтіннің мазмұнына өз пікірін айта алу.Сабақтың барлық кезеңінде білім алушылардың мақсатқа сай тапсырмаларды орындаулары өздеріне ұнап жатқандары анық байқалды. «Wordwall» бағдарламасымен жасалған ойын түрлері сабақты одан әрі қызықтыра түсті.Тыңдаған мәтіннен қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелерді дұрыс шешу үшін мүмкіндігінше өз ой-пікірлерін ортаға салды.Ойларын ашық,еркін жеткізе білді.Жұмбақ өлеңді оқып,шешуін тапты. Етістіктерді тауып, қай жақта тұрғанын айтты.Тақырыпқа қатысты тапсырмаларды топта талқылады.Сабақты қорытындылауда оқытушының таңдаған «Тик-ток» әдісі білім алушылардың қызығушылықтарын одан әрі арттыра түсті.