Коучинг: «Сабақ барысында 4К модельін қолдану мүмкіншілігі»
06.11.2023 күні мектеп ұжымына коучинг сабақ өткізілді. «Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім – заманауи мектептің тұғыры» тақырыбында өткізілген кеңес теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Практикалық кезең «Интерграциялық сабақтарда 4К моделі арқылы оқушыларды ізденіске бағыттау – табысты оқыту негізі» атты коучинг-сессияны қамтыды. Озық тәжірибе мектебінің ұстаздары ағылшын тілі пәні мұғалімі Амандуллаева Г 4К моделі туралы жалпы түсінік беріп, оның мақсаты мен міндеттерін айқындады.